Академия Государственного управления
при Президенте Республики Казахстан

Официальный сайт

Skip Navigation LinksПриветствие Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева коллективу и слушателям Академии

Қазақстан Республикасының Президентi

Президент Республики Казахстан



АСТАНА, АҚОРДА

26/10/2006


Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жанындағы Мемлекеттiк басқару
академиясының ұжымына



Кұрметтi Академия түлектерi мен бүгiнгi тыңдаушылары!
Қадiрлi ұстаздар кауымы!


Сiздердiң баршаларыңызды Мемлекеттiк басқару Ұлттық Жоғары мектебiн тұңғыш бiтiрушiлердiң 10 жылдығымен шын жүректен құтықтаймын.
Елiмiз теуелсiздiк алғаннан кейiн iле құрылған Жоғары мектеп кейiннен Мемлекеттiк баскару академиясына айналды. Осы аралықта бұл білiм ордасын 344 адам бiтiрiп шықты.
Академия түлектері бүгiнгi таңда түрлi саяси жене әкiмшiлiк қызметтерде абыроймен жұмыстарын жалғастыруда.
Кез келген мемлекеттiң тағдыры оның кадрларына байланысты. Әкiмшiлiк-баскару жүйесi кемелденбейiнше оның экономикасы да, медениетi де, саясаты да ілгерi дами алмайтыны белгiлi. Мемлекеттiк кызметкерлердiң бiлiктiлiгi кесiби шеберлiгi биiк болған сайын, мемлекетiмiздiң де өмiршендiгi, күш-қуаты арта түспек.
Бүгiнгi таңда ұлттық идеологияға айналып отырған алдыңғы қатарлы 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы Академия шәкiрттерiне, ұстаздар ұжымына зор жауапкершiлiктер жүктеуге тиiстi. Бесеке заманы Сiздерден бiлiм мен практиканы ұштастыра бiлетiн, ел үшiн жан аямай еңбек етуге әзiр азаматтық жауапкершiлiктi талап етедi.
Мен Сiздердi сол биiктен көре алатыныма кәмiл сенемiн.
Баршаңызға амандық, табыс тiлеймiн!