Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы

Ресми сайт

Skip Navigation LinksДипломатия институты

  • 2005 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі  жанындағы  Дипломатия академияның негізінде құрылды

  • «Халықаралық қатынастар» мамандығы  бойынша магистр дәрежесін бере отырып, кәсіби дипломаттар даярлауды жүзеге асырады

  • орта және жоғары буын дипломаттары үшін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын іске асырады

  • магистрлік бағдарламалар шеңберінде оқу мерзімі  – 1-жылдан 2-жылға дейін

  • Институт тыңдаушыларының негізгі контингенті – ҚР СІМ жүйесінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлері

  • Институттың штаттағы оқытушыларының  Төтенше және Өкілетті Елші, Кеңесші-Елші дипломатиялық дәрежелері бар

  • сабақтарды ҚР СІМ басшылары, ҚР Парламентінің  депутаттары, шетел мемлекеттерінің елшілері  жүргізеді

  • институт тыңдаушылары Вена Дипломатия академиясында (Австрия) халықаралық  тағылымдамадан өтеді

«Академияның  Дипломатия институты Мемлекет басшысының сыртқы саяси бағытын  жүзеге асыруға белсене үлес қосып жатқанын  және Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының алдында тұрған жауапты міндеттерді шешуде маңызды жәрдем көрсетіп отырғанын атап өткен жөн. Бүгінгі күні  егемен еліміздің алдында тұрған келелі  міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетіміз сіздерден зор үміт күтеді.   Мемлекет  тарапынан көрсетіліп отырған  қамқорлық пен мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, жоғары білікті  маман болып шығуларыңызға тілектестігімді білдіремін».

                       

Ержан Қазыханов,

ҚР Сыртқы істер министрі

Дипломатия институты –  бұл ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  халықаралық қатынастар саласында мамандар даярлайтын таңдаулы, білім беретін құрылымдық бөлімшесі. Академия ҚР СІМ танымал дипломатиялық персоналын даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

Атақты профессорлар, қазақстандық және шетелдік елшілер дипломатиялық өнердің әліппесін оқытып,  қыр-сырын   үйретеді.  Қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып,   осы оқу орнында білім  алғысы келетін кез келген үміткерге Дипломатия институтының  есігі ашық. 

ВРЕЗКА: Қазақстандық дипломаттарға арналған  мәре-алаңы

 Дипломатия институтында  мына білім беру бағдарламалары бар:

  • «Халықаралық қатынастар» магистратурасы – 1 жыл және 2 жыл
  • «Аударма ісі» магистратурасы –  1 жыл және 2 жыл
  • ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары  –    3  апталық курстар

Оқыту жүйесі: кредиттік

Сыртқы саясат және дипломатия,  шет тілдері мен мемлекеттік тіл кафедралары   ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес  оқу процесін толыққанды қамтамасыз етеді.   

 

Институт түлектері  ҚР СІМ кадрлар резервіне енгізіледі

Қызметте жоғарылау мен табысқа тағы бір қадам