Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы

Ресми сайт

Skip Navigation Links ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ САЙТЫНА  ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті достар,

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында Қазақстанның жаңа геосаяси жауапкершілікке дайын, орасан саяси және экономикалық әлеуетін іске асыруға қабілетті, жаңа тұрпатты мемлекеттік менеджерлерді даярлау қажеттігіне баса назар аударады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби корпусын қалыптастыру мен мемлекеттік менеджмент жүйесін жетілдіруді өз алдына мақсат етіп қоятын әкімшілік реформа еліміздің қарқынды дамуының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
          Бұл мақсаттар біздің жүргізіп отырған жұмысымыздың ерекше маңыздылығын атап көрсете отырып, қызметімізге жаңа серпін берді.Академия Елбасының ұсынған реформаларын идеологиялық жағынан қолдау мен осы маңызды жаңаруларды кадрмен қамтамасыз етуге жауап беретіндіктен, өзінің оқу процесін халықаралық стандарттарға сай жүргізіп қана қоймай, сонымен бірге елімізде болып жатқан маңызды саяси оқиғаларға да үн қосып отыруы тиіс.
          Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуын өз бағдарына алып, мемлекеттік қызметте еңбек етуді мақсат тұтқан баршаңызды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алуға шақырамыз.

Ректор, саясаттану докторы Арын Амангелдіұлы Өрсариев

 

  • «Қазіргі мемлекеттің қызметтері: үрдістері мен келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

    февраля 03, 2012

    2012 ж. 2-ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазіргі мемлекеттің қызметтері: үрдістері мен келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • Магистранттардың назарына!

    января 13, 2012

    Академияның білім алушылары медициналық қызмет алу үшін дәрігер-терапевт М. Муханбетжановаға бекітілгендерін хабарлайды.

    ...>>

  • Дни транспорта Казахстана

    января 12, 2012

    2011 жылдың 10–12 қараша аралығында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында республикалық және халықаралық мәндегі іс-шаралар қатары өткізілді: «Транзит-Казахстан – 2011» халықаралық көрмесі, «ТрансЕвразия – 2011» VIII халықаралық конференциясы, «Азиядағы Ынтымақтастық диалогы» 1-ші Көлік форумы, «Жібек жолы – 2011» көлік және логистика бойынша 1-ші Халықаралық форум.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • ХАБАРЛАНДЫРУ

    января 09, 2012

    «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми-талдау журналының редакциясы журналдың 2012 жылғы бірінші нөміріне мақалалар мен жарияланымдарды қабылдайтындығын хабарлайды. Журнал нөмірінің басты тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМ».

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • Жанылжан Жүнісова: «Башқұрстанның тәжірибесі бізге пайдалы болады»

    декабря 28, 2011

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • «Хабар» телеарнасындағы «Сонымен солай дейік...» телебағдарламасында вице-ректор Ә.Ғ.Мұхамеджанованың қатысуы

    декабря 23, 2011

    2011 жылдың 21 желтоқсан күні «Сонымен солай дейік...» («Хабар» ТА) телевизиялық бағдарламасының студиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» тақырыбында бағдарлама өткізілді.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • Болашақ – жастарға!

    декабря 22, 2011

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жастардың инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында «Білімнің трансферты: ел өңірлерін дамытудың сценарилері» жобасын жүзеге асырады.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • Польшаның Төтенше және Уәкілетті Елшісі Яцек Ключевскимен кездесу

    декабря 22, 2011

    Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтында Польшаның Төтенше және Уәкілетті Елшісі Яцек Ключовскимен кездесу өткізілді.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел

    декабря 22, 2011

    Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Әлеуметтік-саяси зерттеу институтының ұйымдастыруымен 2011 жылдың 9 желтоқсан күні «Пекин Паласта» дөңгелек үстел болып өтті.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ж.Д Ертілесовамен кездесу

    декабря 13, 2011

    2011 жылдың 9 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Ж.Д Ертілесованың «Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлау: қазіргі жағдайы мен келешегі» атты дәрісі өтті.

    ...>>

    Маркетинг және PR қызметі

  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. >|