Профессор-оқытушылар құрамы

AG

Мұхамеджанова Әлия Ғафурқызы

Экономика ғылымдарының докторы

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры

Тел.: +7 7172 75-30-04

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

  

 

 

bokaev

Боқаев Бауыржан Нұрланұлы

PhD докторы, Мемлекеттік басқару магистрі

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорының орынбасары 

Тел.: +7 7172 75-32-66

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                              

Жалпы ақпарат

Аты-жөні: Боқаев Бауыржан Нұрланұлы

Ғылыми дәрежесі, лауазымы: PhD докторы, мемлекеттік басқару магистрі, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорының орынбасары

Тел.: 8(7172) 75-32-66

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Білімі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі (PhD).

Сондай-ақ Боқаев Бауыржан Нұрланұлы «Болашақ» халықаралық президенттік стипендия шеңберінде «Мемлекеттік басқару» (Master of Public Administration) мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы бойынша (2016 жыл)  Корнель университетінің (АҚШ) түлегі болып табылады.

Оқытылатын курстар мен пәндері

Тұлғааралық коммуникация, Evaluation of Government Program and Projects, Policy Analysis, Әлеуметтік

ғылымдардағы зерттеу әдістері.                                                              

Кәсіби қызығушылықтары

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары әлеуметтік лингвистика, көші-қон, тілдік және білім беру саясаты болып табылады. Сонымен қатар, Боқаев Бауыржан Нұрланұлы “International Journal of Global Ideas” халықаралық журналының редакторы, “European Scientific Journal” журналының редакция алқасының мүшесі болып табылады. Боқаев Бауыржан Нұрланұлы әр жылдар ішінде Корнель университетінің Орталық Азияны зерттеу жөніндегі қауымдастығының негізін қалаушы және президенті, Ресей мен Еуразияны зерттеу бойынша Дэвис орталығының зерттеушісі, Колумбия университетінің Harriman институтының, «Modern Language Association» (Нью-Йорк, АҚШ) халықаралық ұйымының, «Irish Association for Russian, Central and East European Studies» (Дублин, Ирландия) халықаралық ұйымының, «Centro de Estudos Juridico-Económico» (Азор аралдары, Португалия) ғылыми комитетінің мүшесі болды.   

Ғылыми жарияланымдары

40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 3 монография және 1 оқу құралы (тең авторлықта жүзеге асырылған); Thomson Reuters және Scopus компанияларының деректер базасына кіретін ғылыми журналдарында 4 мақаласы бар.

Ғылыми-зерттеу жобаларына/гранттарға қатысу

“Soros Kazakhstan” қорының, Ашық қоғам институтының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грант иегері.                         

 

Jussupova

Жүсіпова Раушан Сейіт-Асқарқызы

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі профессорының м.а.

Тел.: +7 7172 75-32-01

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

  

 

 

 

 

Жалпы ақпарат

Аты-жөні: Жүсіпова Раушан Сейіт-Асқарқызы
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: философия ғылымдарының кандидаты, МСҰМ профессорының міндетін атқарушы

Ғылыми атағы: доцент

Академиялық атағы: профессор

Тел.: 8(7172) 75-32-01

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Білімі: Біліктілігі: философ, философия оқытушысы (С.М. Киров атындағы ҚазМУ Философия-экономикалық факультеті, үздік үлгідегі диплом, 1985 ж.), философия ғылымдарының кандидаты («22.00.04  – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және өмір тіршілігі» мамандығы бойынша, тақырыбы: «Ұлттық қайта өркендеу жағдайында рухани мәдениетті дамыту (Қазақстан Республикасының материалдары негізінде)» М.В Ломоносов атындағы ММУ, 1993 ж.)

Оқытылатын курстар мен пәндері

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», «Басшы имиджін қалыптастыру технологиялары», «Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы», «Этика және тұрақты дамуды басқару құндылықтары»

Кәсіби қызығушылықтары

Философиялық-мәдени, этикалық-психологиялық мәселелер жиынтығы

Ғылыми жарияланымдары

60-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдар, оның ішінде екі монография және екі оқу құралы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері/Оқу құралы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, 2016 (тең авторлықта);  Адамгершілік жаңа тұрпатты мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру негізі ретінде/Монография,  ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, 2011;

Судьялардың кәсіби этикасы/Оқу құралы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, 2008.

Ғылыми-зерттеу жобаларына/гранттарға қатысу

ҚР әлеуметтік саясатының бағыттары бойынша МСҰМ ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады.

 

 

Нуркатова ЛТ

Нұрқатова Лязат Төлегенқызы 

Социология ғылымдарының докторы, профессор

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі профессорының м.а.

Тел.: +7 7172 75-30-96

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

Жалпы ақпарат

Аты-жөні: Нұрқатова Лязат Төлегенқызы  
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: социология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті. МСҰМ профессорының міндетін атқарушы

Тел.: 8(7172) 75-30-96

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Білімі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, экономика және бизнес факультеті, «социолог, социология оқытушысы» мамандығы (1995).

Профессор М.М. Тәжиннің ғылыми жетекшілігімен 2000 жылы «Ірі қаланың әлеуметтік құрылымы (Алматы қаласы мысалында)» атты кандидаттық диссертациясын және 2004 жылы «Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік институт ретінде: әлемдік тәжірибе және Қазақстан» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Вашингтон және Колумбия Университеттері (АҚШ) – Ашық Қоғам Институтының әлеуметтік қорғау және әлеуметтік жұмыс саласындағы оқытушыларды жетілдіру халықаралық бағдарламасының түлегі, Нью-Йорк (Faculty Development Program, Washington University in St.Louis, Columbia University NYC, USA, 2006-2007 жж.).

Жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының жас ғалымдар-әлеуметтанушылар конкурсының жеңімпазы.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының 2015 жылғы үздік қызметкері».

Оқытылатын курстар мен пәндері

Әлеуметтік жұмыстың инновациялық технологиялары, әлеуметтік геронтология, экономикалық социология, мемлекеттік саясатты зерттеудің сапалық әдістері, әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару және т.б.

Кәсіби қызығушылықтары

Әлеуметтік саясат және әлеуметтік жұмыс социологиясы, қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер. 2012 жылғы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебіндегі, Ұлыбритания, «Әлеуметтік қызметтер жүйесін реформалаудың әлеуметтік талдауы» тақырыбындағы ғылыми тағылымдамасы.

ҚР-дағы балаларға арналған әлеуметтік қызметтер стандарттарын дамыту мәселелері бойынша ЮНИСЕФ ұлттық сарапшысы;

2030 жылға дейінгі ҚР Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасының жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі (шілде-тамыз, 2016 ж.) ҚР ДӘДМ.

Ғылыми жарияланымдары

80-нен астам жарияланымы бар, оның ішінде монографиялар мен ғылыми құралдар.

Ғылыми-зерттеу жобаларына/гранттарға қатысу

ҚР ДӘДМ-нің тапсырысымен «Әлеуметтік шиеленістер картасын әзірлеу» бойынша әдістеме және нұсқаулық әзірлеу (2015 ж.);  

ҚР ЕХӘҚМ-нің  тапсырысы бойынша «Халықаралық тәжірибе мен жергілікті контексті ескере отырып арнайы қызметтер жүйесін дамыту саласындағы ведомствоаралық өзара байланыс» әлеуметтік зерттеу (2014 ж.);

Маастрихстский университетінің (Нидерланды) професорларымен бірлесе отырып БҰҰ ЮНИСЕФ жобасының «Қазақстандағы балалардың әлеуметтік әл-ауқаты» тақырыбында әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру және өткізу (2011-2013 жж.);

«Орталық Азиядағы еңбек нарығы және адами ресурстар» тақырыбында зерттеу ұйымдастыру және жүргізу (INTAS жобасы, Бремен университетімен бірлесе,  Германия) (2005  -  2007 жж.) және т.б.


 

Новый рисунок

Әбдіқалықова Марта Наушақызы

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі профессорының м.а.

Тел.: +7 7172 75-31-86

E-mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

  

 

 

 

Жалпы ақпарат

Аты-жөні: Әбдіқалықова Марта Наушақызы
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: психология ғылымдарының кандидаты, МСҰМ профессорының міндетін атқарушы

Тел.: 8(7172)75-31-86

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, мамандығы – «Психология»,

Біліктілігі: психология оқытушысы, практик-психолог /1991–1996 жж./

19.00.01 – Жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша психология ғылымдарының кандидаты.

Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің жанындағы Д 14А.02.32 Диссертациялық кеңесі

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Мемлекеттік қызметшілердің қызметін анықтаудың құндылық-мағыналық және сипаттамалық ерекшеліктері» /зерттеу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жүргізілді /

 

2014–2015 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты

Тағылымдама:  Ольстер университеті, Ұлыбритания.

Оқытылатын курстар мен пәндері

«Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Басқару психологиясы», «Зерттеудің сапалық әдістері».

Кәсіби қызығушылықтары

тұлға психологиясы, персоналды психологиялық бағалау және іріктеу,  психологиялық кеңес беру, құзыреттілік.

Ғылыми жарияланымдары

жарияланған ғылыми еңбектерінің саны 30-дан астам, оның ішінде Тhomson Reuters журналдарының басылымдарында, РҒЦИ журналдарында, ҚР БҒСБК ұсынған журналдарда жарияланған.

Ғылыми-зерттеу жобаларына/гранттарға қатысу

«ҚР Менеджмент мектептерінің сапасы» тақырыбына жоба орындаушысы, 2013 ж.

«Жоғары мектептің білім беру менеджерлерін жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау жүйесін құру» тақырыбына жоба орындаушысы, 2016 ж.

 

 

Boleev

Бөлеев Талант Қалдыбекұлы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі профессорының м.а.

Тел.: +7 7172 75-32-70 

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Жалпы ақпарат

Аты-жөні: Бөлеев Талант Қалдыбекұлы
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: ҚР және РФ педагогика ғылымдарының кандидаты (1995 ж.), 13.00.08 – кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі; 19.00.10 – түзету психологиясы (2004) мамандықтары бойынша РФ және ҚР педагогика және психология ғылымдарының докторы, психология профессоры (2008), Халықаралық психология ғылымдары академиясының қазіргі мүшесі (2009), МСҰМ профессоры

Тел.: 8(7172) 75-32-70

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Білімі:

Жамбыл педагогикалық институты  (1985–1992 жж.);

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1992–1995 жж.);                                   

Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (2001–2004 жж.).

Оқытылатын курстар мен пәндері

басқару психологиясы,  психодиагностика, жоғары мектеп психологиясы, мемлекеттік қызметшілердің қызметін психологиялық сүйемелдеу пәндері бойынша сабақтар өткізеді.

Кәсіби қызығушылықтары

көшбасшылық психологиясы, тиімді басшы, кәсіби құзыреттілікті дамыту, тиімді коммуникация, манипуляцияға қарсы тұру, эмоционалдық интеллекті, келіссөздер өнері, қатаң келіссөздер, уағызшыл презентация, стрессменеджмент, таймменеджмент, шиеленісті басқару, персоналды ынталандыру тақырыптары бойынша тренинг өткізеді.

Ғылыми жарияланымдары

жарияланған ғылыми еңбектері 120-дан астам, оның ішінде 5 монография (Қазақстан, Ресей Федерациясы, Болгария, Германия), 20-дан астам оқу және оқу-әдістемелік құралдар, Тhomson Reuters, SCOPUS журналдарының басылымдарындағы, РҒЦИ журналдарындағы, ҚР БҒСБК ұсынған журналдардағы мақалалар.  

5 педагогика ғылымдарының кандидатын, 36 психология магистрін дайындаған. 

Ғылыми-зерттеу жобаларына/гранттарға қатысу

2001–2002 жж. – «Қазақстанның талантты жас ғалымдары» ҚР БҒМ мемлекеттік стипендиясының лауреаты.

2008 ж. – «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері.

2010 ж. – «Қазақстан Республикасының ғылымына қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ кеуде белгісімен марапатталды. 

2011 ж. –  Св. Климента Орхидски атындағы София мемлекеттік университетінің қолдауымен (Болгария) "Analysis of Criminal Behavior and Work with the Polygraph» Халықаралық оқыту семинарының ұйымдастырушысы.

2012 ж. – Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясы (Германия) «Қылмыстық мінез-құлқы бар жасөспірімдерді психологиялық бейіндеу және түзету» ғылыми жобасының нәтижелері бойынша З. Фрейд атындағы медальмен марапаттады.


 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz