ЖАҢАЛЫҚТАР

27-29 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Түрікменстан делегациясы сапармен келді.

turkmenistan agu 127-29 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Түрікменстан делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында Түрікменстан Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының аға оқытушылары Бердыев Бабахан және Пирмухамедов Хаджимурат, Түрікменстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Дженнет Кепбанова, Түрікменстан Экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметінің өкілі Мулкиев Мақсат болды.

 

 

turkmenistan agu 2

Сапардың мақсаты Қазақстанның мемлекеттік басқару саласындағы кадр саясаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін зерделеу болды. 27 наурызда сапар шеңберінде делегация Академияның басшылығымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтының директоры, сондай-ақ Басқару институты директорының орынбасары және Академиялық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары Академияның негізгі қызметі туралы баяндама жасады. Түрікменстандық әріптестер мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. 28 наурызда Түрікменстан делегациясы халықаралық сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылған «Smart city жобаларын жүзеге асыру» семинарына қатысты. Сондай-ақ, екі күн 28 және 29 наурызда Академия құрылымдық бөлімшелердің басшылары «Цифрлы Академия», «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Қазақстанның қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саясаты» және «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» тақырыптары бойынша арнайы таныстырылым сессияларын ұйымдастырды.

turkmenistan agu 3

Тараптар мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге өзара қызығушылығын білдірді.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz