ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты тағылымдамаға қабылдау ашылғандығы туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты шақырылған зерттеушілер бағдарламасының ашылуы туралы хабарлайды

Қабылдау критерийлері қандай?

Азаматтық

Азаматтық бойынша шектеу жоқ.

Білімі

Үміткер ғылым кандидаты дәрежесіне ие болуы немесе шетелдік жоғары оқу орнында аспирантурада оқуы тиіс.

Тағылымдамаға қашан құжаттарды өткізуге болады?

Дипломатия институты құжаттарды академиялық жыл ішінде кез келген уақытта қабылдайды.

Тағылымдаманы қайдан өтетін боламын?

Табысты үміткерлер тағылымдаманы Дипломатия институтында өтеді, онда оларға үстел және компьютермен қоса, жеке жұмыс орны бөлінетін болады.

Институционалды қолдау және қаржыландыру

Дипломатия институты зерттеуді жүргізугеарналған Қазақстан Республикасына келу үшін визаны алу кезінде айтарлықтай қолдау және тағылымдамада болған кезде Институтта позиция ұсынады.

Дипломатия институты үміткерлерге қаржылық қолдау көрсетпейді. Өтінім беруші үміткерлер өзінің немесе сыртқы қаржыландыруды тартуы тиіс.

Дипломатия институты жеке сұрау негізінде және бос орынның болуына байланысты қаражаттандырылған тұрғын үй бере алады.

Тағылымдама қанша уақытқа созылады?

Үміткерлер қалаулы тағылымдама ұзақтығын тікелей Дипломатия институтымен талқылауы қажет.

Зерттеудің бағыттары

Дипломатия институты халықаралық қатынастарға, сыртқы саясат пен Еуразиялық кеңістікке қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша зерттеулер үшін алаң ұсынады.

Қандай құжаттарды ұсыну қажет?

  • Өзіңіздің зерттеу жобаңызға Дипломатия институтын неліктен таңдағаныңызды және Институттың академиялық өміріне қалай қатыса алатындығыңызды түсіндіретін уәждемелік хат (500 сөз).

 

  • Институтта болған кезде қандай жобамен, яғни жабаның мақсаты, әдіснамасы және пайдаланатын деректерді қоса алғанда жұмыс істейтін бағытыңызды түсіндіретін зерттеу жобасының сипаттамасы (1000 сөз).

 

Байланыстар

Дипломатия институтында зерттеу жүргізуге қызығушылық танытқан үміткерлер This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы бойынша А.А. Цхайға немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы бойыншаЕ.В. Жирухинаға хабарласуы қажет.

 


 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz