ЖАҢАЛЫҚТАР

«Болашақ энергиясы» тақырыбында дөңгелек үстел

 

24300992 2011209179135534 6350458896793213496 n2017 жылғы 6 желтоқсанда сағат 16:30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Болашақ энергиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: Қазақстандағы Франция Елшілігімен бірге Халықаралық әріптестік орталығы.

Іс-шараға Қазақстандағы Франция Елшісі Филипп Мартинэ, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, қоршаған орта саласындағы тарихи географ, Назарбаев Университетінің профессоры Филипп Форре, Total профессорлар қауымдастығы, профессор Жан-Пьер Кордье (Франция), Қоршаған орта мен энергоресурстарды орынды пайдалану жөніндегі агенттіктің өкілі Оливье Шазаль (Франция) қатысады.

 Талқылауға арналған негізгі мәселелер:

  • Жасыл экономикадағы жаһандық трендтер және Орталық Азия;
  • Қазақстан және болашақ энергиясы;
  • Жаңартылатын энергия саласындағы француздық инновация. 

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы

16.30-16.45. Алғы сөз

Францияның Қазақстандағы Елшісі Жоғары Мәртебелі Филипп Мартинэ мырза

Фатима Жақыпова ханым, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Модераторлар:

Профессор Филипп Форе, қоршаған орта саласының тарихшысы, Назарбаев Университеті

16.45-17.05  «Қазақстан және жаңа энергия»

Айгүл Көшербаева ханым, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры

17.05-17.25 «Болашағымыздың энергиясы»

Профессор Жан-Пьер Кордье, Total компаниясының профессорлар қауымдастығы, Франция

17.25-17.45 «Жаңғырмалы энергия саласындағы француз инновациялары»

Оливье Шазаль мырза, Қоршаған орта мен энергия қорларын ұтымды пайдалану жөніндегі агенттік (ADEME), Франция

17.45 18.00 «Жасыл энергия саласындағы жаһандық трендтер және Орталық Азия»

Әлия Цхай ханым, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының оқытушысы, PhD  St. Andrews University, UK

 18.00 18.15 Q&A

18.30- 20.30 Қабылдау Францияның Қазақстандағы Елшісі Жоғары Мәртебелі Филипп Мартинэ мырзаның шақыруымен коктейль. Іс-шара Grand Park Esil қонақ үйінің қабылдау залында өткізіледі, мекенжайы Бейбітшілік көшесі 8.

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz