ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда кезекті Ғылыми кеңес өтті

         IMG 2822Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылғы 31 қазанда кезекті Ғылыми кеңес өтті.

         Отырыс жұмысына Ғылыми кеңес мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

                Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы бойынша филиалдарының директорлары Ғылыми кеңеске оn-line форматта қатысуға шақырылды.

 

         Ғылыми кеңестің № 3 отырысы барысында төмендегі мәселелер қарастырылып, шешім қабылданды:

         - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ғылыми кеңесінің 2017–2018 оқу жылына арналған Жұмыс жоспары бекітілді;

         - 2018–2019 оқу жылына Қабылдау комиссиясының іс-шараларын жоспарлау туралы;

         - Академияның ресми атрибуттары және оларды қолдану тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу бекітілді;

         - Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы туралы;

         - бекітілді:

                  - 2017 жылы оқуға қабылданған магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері, магистрлік жобалардың/диссертациялардың және докторлық диссертациялардың тақырыптары;

                  - 2017–2018 оқу жылғы бірінші жартыжылдықта білімді бақылаудың формасы;

                  - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы басшысының қолдан түсірмейтін кітабы» басып шығаруға ұсынылды. «Мемлекеттік қызмет саласындағы менеджмент» және басқа да мәселелер.

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz