ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» жазғы мектебі

ллҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 2017 жылдың 26 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Жезқазған өңірінде дәстүрлі жазғы мектеп өткізілді.

Жазғы мектеп жұмысының ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Қазақстан  Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.А. Әбішев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Новые решения» білім беру қоры» компаниясының бас директоры В.С. Ким, Жезқазған қаласының әкімі Б.Д.Ахметов және лекторлар ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, сарапшылар қатысса, тыңдаушылар ретінде жас мемлекеттік  қызметшілер, жастар этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

Жазғы мектеп жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV Сессиясы жұмысы қорытындысы бойынша белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша жастардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін Жазғы мектеп аясында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала құндылықтары;  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV Сессиясы жұмысы қорытындысы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктері талқыланды; қазіргі Қазақстанның даму кезеңіндегі әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануы түсіндірілді; Ұлттық код және қоғамдық сана ұғымдары талданып, талқыланды;  медиацияның келіспеушілік дауларын шешудің баламалы тәсілі ретіндегі рөлі және мәні таныстырылды; туған өлкенің тарихын зерделеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін бағалау түсіндірілді; қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анықтау жайлы мағлұмат берілді. Тыңдаушылар бәсекеге қабілетті тұлғаның негізгі дағдысы болып табылатын – көпшілік алдында сөз сөйлеу технологияларын меңгерді. Дәріс үстінде Қазақстан халқының әралуандығын дамыту және бірлігін нығайту жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісу және пікір алмасу алаңдары жүргізілді.

Жазғы мектеп аясында «Туған жерге туыңды тік!» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бекзат Құмарұлы Алтынбековтың бастамасымен отбасылы жас мамандарға арнап салған тұрғын-үй кешені пайдалануға берілді.

     Оқу бағдарламасымен қоса тыңдаушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы аясында ұлттық құндылықтардың қайнар көзі болып табылатын Ұлытау өңіріндегі тарихи, рухани жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, Қ.И.Сәтпаев атындағы тау-кен музейі; Жезқазған тарихи-археологиялық музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар әлеуметтік бағытта дайындаған жоба жұмыстарын қорғады. 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz