ЖАҢАЛЫҚТАР

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта даярлау курсы

кбҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 3-21 шілдесі аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін күндізгі оқыту түрі бойынша қайта даярлау курсы жүргізіледі.

Курстың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.

Курс бағдарламасы бейімделу сипатта және кәсіби қайта бағдарлану, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің алғашқы кезеңінде білімдерін, білік-дағдыларын кеңейту және тереңдету мақсатында әзірленген.

Курс бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің, стратегиялық жоспарлаудың,  мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің негіздері, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюдың, ҚР әкімшілік құқығының, мемлекеттік органдардың қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері  және т.б.  қарастырылады. Басты назар мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттіктерін дамыту және тұлғалық тиімділігін арттыруға аударылған. Сабақ барысында дәріс-әңгімелесулер, практикалық сабақтар, тренингтер және т.б. өтетін болады.

Оқытушылар ретінде тыңдаушылар алдында кәсіби психологтар мен бизнес-тренерлер, мемлекеттік басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар сарапшылар, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметкерлері, ҚР Заңнама институтының және ҚАЗГЗУ Университеті Жоғары құқық мектебінің өкілдері, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы және т.б. сөз сөйлейді.

Қайта даярлау курсы тыңдаушыларына курс соңында куәлік тапсырылады.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz