Оқуға қабылдау қағидалары

Құрметті үміткер, мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде магистратура мен докторантураның бағдарламалары бойынша Академияға оқуға түсу үшін Сіз келесі талаптарға сәйкес болуыңыз керек:
1. құжаттарды тапсыру және оқуға қабылдау кезінде мемлекеттік қызметші болу;
2. қолыңызда мемлекеттік органнан алған жолдаманың болуы;
3. мемлекеттік қызмет өтілі мен ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес келу.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Сізде 2018 жылғы 1 наурыз бен 13 шілде аралығында Қабылдау комиссиясына құжаттарды жинап, өткізуге мүмкіндік бар.
Егер Сіз басқа елді мекенде тұрсаңыз немесе басқа да себептер бойынша құжаттарды қолма-қол өткізуге мүмкіндігіңіз болмаса, оқуға түсу үшін онлайн-тіркеуден өте аласыз.
Негізгі қадамдар
Онлайн-қосымшаны жасауға кірісер алдында кейбір негізгі қадамдарға назар аударыңыз.
1. Оқуға түсуге онлайн-өтінім беру үшін Сізге өз электрондық поштаңыздың адресін және басқа да жеке мәліметтерді енгізу қажет болады.
2. 2018 жылға оқуға түсуге Сіздің өтініміңізді қарастыру үшін 2018 жылғы 13 шілде, сағат 18:30-ға (Астана уақыты бойынша) дейін өтінім және барлық растайтын құжаттар толтырылып, жіберілуі тиіс.
3. Жұмысты бастар алдында word форматында қажетті құжаттардың болғаны дұрыс. Сіздің өтініміңізді аяқтау үшін 30 минут немесе одан көбірек уақыт қажет етіледі. Қосымша құжаттарының тізімін көру үшін мына жерді басыңыз.

Егер Сізде қосымша сұрақтар болса, «Сұрақ-жауап» бөліміне немесе 75-33-95 телефоны бойынша жүгіне аласыз.

 

Оқуға қабылдау қағидалары 

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

Қосымша 9

Қосымша 10

Қосымша 11

 

Контактлар: +7(7172)75-33-95, 75-30-17