ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда нәтижеге бағдарланған көшбасшылық стратегиясы бойынша семинар басталды

 

 

 

кар   2017 жылдың 13-15 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшылар Эдриан Кэмпбелл және Артур Кармаззи «Мемлекеттік басқару: нәтижеге бағдарланған көшбасшылық стратегиясы» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

    Семинарға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

  Семинардың мақсаты – тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамыту.

    Семинар бағдарламасы екі модулден тұрады. Бірінші модул қазақстандық кейстерді назарға ала отырып, мемлекеттік басқарудағы жаңа трендерді талқылауға арналған. Сабақты Бирмингем университеті халықаралық даму кафедрасының аға оқытушысы Эдриан Кэмпбелл (Ұлыбритания) өткізеді. «Еңбек қатынастары», «Стратегиялық менеджмент» және «Адами ресурстарды басқару» тақырыптарына тренинг пен тақырыптық зерттеулер өткізуде халықаралық тәжірбиесі мол. Мемлекеттік және жергілікті басқаруға арналған көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы болып табылады.

   Екінші модул нәтижеге бағдарланған стартегиялық көшбасшылықтың дамуына арналған. Оны Азия аймақтарында мотивациялық көшбасшылық бойынша жетекші спикер және тренер Артур Кармаззи (Италия) өткізеді. Ол Азия елдеріне белгілі және танымал спикерлер мен тренерлердің бірі, оқытудың инновациялық тәсілін және адам миының ақпаратты өңдеуін бағалауға арналған – «Түрлі түсті ми» (Colored Brain Communication Inventory) теориясының коммуникациялық құралдарын, сонымен қатар корпоративтік мәдениеттің де дамуын бағалуға арналған әдістердің әзірлеушісі болып табылады, бұл әдістер – менеджмент психологиясында, көшбасшылық және адами ресурстарды басқаруға арналған оқу бағдарламаларында қолданылады. Көшбасшылық пен бизнестегі өзгерістерді психологиялық тәсіл арқылы зерттеуде 20 жылдан аса тәжірбиесі бар.

   Семинар нәтижелері бойынша тыңдаушылардың ой-өрісін «тапсырмалар бойынша басқару» тәсілінен «нәтижелер бойынша басқару» тәсіліне өзгерту күтіледі. Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

 

 

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz