ЖАҢАЛЫҚТАР

Ханнс Зайдель Қоры Орталық Азиядағы жобалардың басшысымен кездесу

2.jpg2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия басшылығы Хансс Зайдель Қоры (ХЗҚ; Германия) Орталық Азиядағы жобалардың басшысы  доктор Макс Майермен кездесті.

 

Кездесу барысында екі тарап көп жылдық әріптестіктің жетістіктері туралы ой бөлісті. Осы әріптестіктің шеңберінде Академияда жыл сайын ХЗҚ-ның граттары бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік қызметшілері магистратура бағдарламасында білім алады. Сонымен қатар тараптар Академия және ХЗҚ арасындағы  әріптестіктің келешегін талқылады.

 

Кездесу шеңберінде Академия және ХЗҚ бірлескен жобасының 2017 жылғы арналған қаржылық жоспарға қол қою салтанаты өтті. Академия басшылығы ХЗҚ-ның тек қана Қазақстанның емес,  Орталық Азия өңірінің адами капиталын дамыту жолында қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдірді. Доктор Майер мемлекеттік қызметтің түрлі саласында қызмет атқарып жүрген бағдарлама түлектерінің кәсіби жетістіктерін көріп қуанатынын жеткізді және екі жақты әріптестік бұдан әрі де жемісті болады деген үміт білдірді.

 

Ресми кездесуден кейін доктор Майер ХЗҚ-ның гранттары бойынша Академияда оқитын магистрант студенттермен кездесті. Кездесуге қатысушылар бағдарлама жайында ой алмасып, бір-біріне сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

 

Халықаралық әріптестік орталығы 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz