Басшылық және құрылым

Ректор

Жақыпова Фатима Надырқызы

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жакыпова

Профессор, экономика ғылымдарының докторы. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін («Саяси экономия»), 2009 жылы – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін («Құқықтану») бітірген.

Еңбек өтілі:
1991–2001 жж. – ассистент, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да доцент.
1999–2000 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да «Қазақ университеті» баспасының директоры.
2000–2001 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің Экономика және құқық институты директорының орынбасары.
2001–2003 жж.– М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жалпы мәселелер, экономикалық болжау және даму жөніндегі проректоры.
2003–2008 жж. – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.
2008–2011 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.
2011–2012 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.
2012–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
2014–2016 жж. – Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебінің атқарушы директоры.

2016 жылдың 20 шілдесінде Мемлекет басшысының өкімімен Жақыпова Фатима Нәдірқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Фатима Жақыпова Дж. Уильям Фулбрайт халықаралық бағдарламасының стипендиаты (1994), қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2000) болып табылады.
2007–2008 жж. «Нұр Отан» ХДП атынан Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2011–2014 жж. Болон процесін (Bologna Follow-up Group) басқару жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ұлттық өкілі болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Модернизация жөніндегі ұлттық комиссиясының кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс тобының сараптық кіші тобының жұмысына белсенді қатысқан. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002) және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2010) төсбелгілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

Тұрмыста, бір қызы бар.

 

Оқу жұмысы және  ақпараттық технологиялар  жөніндегі вице-ректор

Ахметов  Альтаир  Амангелдіұлы

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Akhmetov A A копия

 

Мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014).

Заң ғылымдарының кандидаты.  2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң  академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы  Қазақстан  Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе ретінде  бастаған.

2003–2011 жылдары Қазақстан  Республикасы Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде  референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі  лауазымдарында  істеді.   

2011 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті.    

2015 жылдан бері  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылдың қарашасынан Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы  және ақпараттық технологиялар  жөніндегі вице-ректоры лауазымына тағайындалды.     

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.                                   

 

 

Әкімшілік мәселелер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-ректор:

Еркін Шажаұлы Дүсіпов

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

dusipov.jpgЗаң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы – 2014» стипендиясының  иегері. 

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультетін үздік бітіріп, жас маман ретінде С.М. Киров атындағы ҚазММ  Заң факультетінің «Азаматтық құқық» кафедрасына жұмысқа қалдырылды.  
1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сырттай-кешкі заң факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды.
1992–2002 жылдар аралығында «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Азаматтық құқық» кафедрасының меңгерушісі болды.
2003–2008 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетіне басшылық етті.
2008–2016 жж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жалпы, экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор лауазымын атқарды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әкімшілік мәселелер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-ректоры лауазымына тағайындалды.

Жарияланымдары: 70-тен аса ғылыми еңбектері, оның ішінде оқу процесінде сынақтан өткен 3 оқу құралы, 1 монография, халықаралық ғылыми журналдарда импакт-факторы бар 2 ғылыми мақаласы бар.
Марапаттаулары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2011 ж.) төсбелгілері, оқулықтар жазудағы тыңғылықты еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медаль, «Нұр Отан» партиясының ең жоғары наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалі, «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі, Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2015 ж.).

Үйленген, екі баласы бар. 

 

Стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор

 

Есимова Шолпан Алтынбекқызы

 

 

 

DSC 0121Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

 


1995 жылы Жамбыл гидромелиоратив-құрылыс институтын «АӨК саласындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады.

 


1997 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Маркетинг және еңбек әлеуметтануы» кафедрасында оқытушы-стажер болып қызмет атқарды.

 


2000 жылдың қыркүйегінен «Мемлекеттік басқару органдарындағы менеджмент» кафедрасында әдіскер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы еңбек жолын бастады.
2002 жылы экономика бойынша кандидаттық диссертациясын табысты қорғағаннан кейін Академияның ғылыми хатшысы, одан соң «Мемлекеттік қызмет және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, содан кейін «Менеджмент және адами ресурстарды басқару» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті.

 


2010 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігі бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

 


2010–2012 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ольстер университетінде (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өтті.

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2007 жылдың ең үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

 


Мемлекеттік басқару саласында 75-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар.

 


Ғылыми-педагогикалық қызметтегі жеткен жетістіктері үшін Академия мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. 
Сондай-ақ, БҰҰДБ және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымдарының жобаларына сарапшы ретінде қатынасты. Республикамызда мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жұмыс топтары қызметіне белсенді қатысты.

Email:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

Құрылым

 1331

 

 

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz