ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда мемлекеттік органдар мен КЕҰ-дың өзара әрекеттесуі бойынша семинар басталды

IMG 3419Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 7-10 қараша аралығында «Мемлекеттік органдар және коммерциялық емес ұйымдар: тиімді өзара іс-қимыл» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл механизмдерінің тиімді жұмыс істеу жолдарын анықтау болып табылады.

Оқу барысында КЕҰ-ның азаматтық қоғамды дамытудағы, мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдаудағы рөлі, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының мүмкін жолдары, сондай-ақ өзара іс-қимыл институттары, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қажеттілігі және маңызы баяндалатын болады. 

Толығырақ: Академияда мемлекеттік органдар мен КЕҰ-дың өзара әрекеттесуі бойынша семинар басталды

Академияда кезекті Ғылыми кеңес өтті

         IMG 2822Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылғы 31 қазанда кезекті Ғылыми кеңес өтті.

         Отырыс жұмысына Ғылыми кеңес мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

                Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы бойынша филиалдарының директорлары Ғылыми кеңеске оn-line форматта қатысуға шақырылды.

Толығырақ: Академияда кезекті Ғылыми кеңес өтті

«Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәнмәтінінде мемлекеттік кадрлық саясат: шетелдік практика және Өзбекстан тәжірибесі» атты халықаралық конференцияна қатысу

IMG 10642017 жылғы 3–4 қарашада Академия ректоры Фатима Жақыпова және Халықаралық әріптестік орталығы басшысының орынбасары Айбек Сагынаев «Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәнмәтінінде мемлекеттік кадрлық саясат: шетелдік практика және Өзбекстан тәжірибесі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция Өзбекстандағы Ұлыбритания Елшілігінің көмегімен, БҰҰДБ-мен бірлесе отырып, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ұйымдастырылды. Өзбекстанның министрліктері мен ведомстволарының, жоғары оқу орындарының басшылары, Ресей Федерациясынан, Сингапурдан, Корея Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, БҰҰДБ-дан, Өзбекстандағы ЕҚЫҰ-ның үйлестіруші офисінен, KOICA және басқа да халықаралық ұйымдардан келген сарапшылар конференция жұмысына қатысты.  

Толығырақ: «Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәнмәтінінде мемлекеттік кадрлық саясат: шетелдік практика...

Академияда инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу бойынша семинар басталды

IMG 2717Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылғы 30 қазан – 3 қараша аралығында «Мемлекеттің қатысуымен инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу: практикалық аспектілер» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.

Семинарға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Сабақты Мәскеудегі EY офисінің жобалық қаржыландыру және инфрақұрылым тобының жетекші менеджерлері - Люзан Сергей және Мамонова Мария, сондай-ақ Астанадағы EY кеңсесінің Жобалық қаржыландыру және инфрақұрылым тобының аға менеджері - Новиков Иван өткізіп жатыр.

Толығырақ: Академияда инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу бойынша семинар басталды

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz