ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметтегі реформаларды талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті

2013 жылдың 3 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекет Басшысының мемлекеттік қызметте қабылдаған реформаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті.

Толығырақ: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметтегі реформаларды...

МСҰМ тыңдаушылары Наурыз мерекесін атап өтті

Отанынан жырақта саясат саласында біліктілігін арттырып және білім алып жатқан МСҰМ тыңдаушылары ағымдағы жылдың 22 наурызы күні Дьюк Университетінде (АҚШ) күн мен түннің теңелу және табиғаттың жаңару мерекесі – Наурыз мейрамын жарқын атап өтті. Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен рухани құндылықтарын үйлесімді байланыстыра отырып, МСҰМ тыңдаушылары біздің әріптестеріміздің жүректерінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Толығырақ: МСҰМ тыңдаушылары Наурыз мерекесін атап өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ASPA – Америка мемлекеттік басқару қоғамының толық құқылы мүшесі болды

ТМД елдерінің мамандандырылған оқу орындарының ішінен алғашқы рет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Абдрасиловтың атынан Америка мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA -American Society for Public Administration) толық құқылы мүшесі болды.

Толығырақ: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ASPA – Америка...

2013 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыстар, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттары аппараттарының хатшылары, жетекшілеріне арналған семинар болып өтті.

Семинарды кіріспе баяндамамен Академияның ректоры Б.С. Абдрасилов ашты. Семинар жұмысына қатықан және баяндама жасағандар: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.М. ЖҰМАНГАРИН – Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасын түсіндіру бойынша; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. САРСЕМБАЕВ – Қазақстан Республикасында әкімдерді сайлауды өткізудің тәртібі мен шарттарын түсіндіру бойынша, сондай-ақ Академияның «Мемлекеттік саясат» кафедрасының доценті Г.И. ДОСМАҒАМБЕТОВА – Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселелерін түсіндіру бойынша.

Толығырақ: 2013 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz