ЖАҢАЛЫҚТАР

«Аса ірі этностардың тарихын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» ғылыми жобасының презентация

през2017 жылғы 25 сәуірде «Аса ірі этностардың тарихын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» ғылыми жобасының презентациясы өтті.

Жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырды. Жобаның мақсаты – Қазақстанда этносаарлық, конфессияаралық қатынастар тарихын зерделеу, Қазақстанның аса ірі этностарының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу.

Жобаны іске асыруға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, шақырылған сарапшылар қатысты. Жалпы алғанда, жоба бойынша социология, тарих, философия және саясаттану ғылымдарының сегіз ғылым докторы, тоғыз ғылым кандидаты, бес магистрі жұмыс істеді.

Презентацияда Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі сөз сөйледі.

Жобаның зерттеу тобының мүшелері жобаны таныстыратын болады: Садвокасова А.К., ғылыми жетекші; Кан Г.В., тарих ғылымдарының докторы, ҚХА ҒСК мүшесі, Артыкбаев Ж. О., тарих ғылымдарының докторы, профессор; Камалов А.К., тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Рецензенттер атынан Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Садыков Тлеген Садықұлы сөз сөйлейді.

Жоба аясында Қазақстанның өңірлерінде социологиялық, этнологиялық, далалық зерттеулер жүргізілді, Қазақстанның аса ірі этностарының тарихы бойынша екі тілдегі монография дайындалды. Оның ішінде орыстар, қырғыздар, немістер, поляктар, кәрістер, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер, татарлар, күртілер, белорустар, шешендер мен ингуштар бар.

Алғаш рет Қазақстанынң кейбір ірі этностары бойныша тарихи-этнографиялық мәліметтер жүйеленді, дәстүрлер, салт, дін тұту, сондай-ақ ірі этнос өкілдерінің ғылым мен білім, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері бойынша материалдар жинақталды, этномәдени орталықтардың жұмысы, Қазақстанның этностарын дамытудың демографиялық өлшемдері талданды.

Зерттеу қорытындысы бойынша зерттеу материалдарын мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар, білім беру және тәрбие ұйымдарының жұмысында қолдану бойынша ұсынымдар әзірленді.

Бұл жұмыстың маңызды практикалық нәтижесі – алынған материалдарды оқу процесінде пайдалану, қазақстандықтардың ұлттық кодының негізі ретінде тарих пен дәстүрді тану арқылы патриотизмді тәрбиелеу болып табылады.

 

Академияда «Қиын мінезді» бағынысты қызметшілерді басқарудың тиімді құралдары бойынша семинар басталды

труд2017 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшылар Сэм Чиа және Мария Султанова «Басқарудың тиімді құралдары. «Қиын мінезді» бағынысты қызметшілер» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Минстр Кеңсесінің, Парламент Сенатының, Конституциялық кеңестің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Толығырақ: Академияда «Қиын мінезді» бағынысты қызметшілерді басқарудың тиімді құралдары бойынша семинар...

Академияда интенсивті-тренингтік және қашықтықтан оқытудың біліктілікті арттыру семинарлар өтеді

    Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тілдік біліктілігін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасында үштілділікті ілгерілетуді жүзеге асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық- саяси жұмыс комитетімен бірлесіп Академияда 2017 жылғы 17 сәуір – 13 қазан аралығында «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін арттыру» тақырыбында интенсивті-тренингтік және қашықтықтан оқытудың біліктілікті арттыру семинарларын өткізеді.

 

 

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында тілдік біліктілікті арттыру семинарлары жүргізіледі.

IMG 3693

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан Республикасында үштілділікті арттыруды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп Академияда 2017 жылғы 17 сәуір – 13 қазан аралығында «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында тілдік біліктілікті арттыру семинарлары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші басқару функцияларын атқаратын ресми тұлға. Кәсіби қызметінде, күнделікті қарым-қатынас барысында мемлекеттік тілді ресми стильде еркін қолдана алулары қажет. Алайда іс жүзінде мемлекеттік қызметшілердің шамамен 30 пайызының ғана қызмет қағаздарын ресми стильде толтырып, өз бетімен аналитикалық сараптамалық жазылымдарды құрастырып, еркін түрде коммуникацияға түсе алатыны көпшілікке мәлім.
Ал 70 пайызының оқу, жазу, қарым-қатынасқа түсу, яғни тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру қажет.

Толығырақ: «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында тілдік біліктілікті арттыру...

Мемлекеттік басқару саласындағы Азия сарапшылары Астанада бас қосты

87e315f2-1935-4ec7-996d-a442c9ce2c1aАстанада азиалық елдердің ғалымдары мен практиктері мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін, жаңа сынақтар мен инновациялық тәсілдерді талқылауда. Мемлекеттік басқару азиялық қауымдастығының (AAPA) сегізінші конференциясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолдауымен өтті.

Конференцияны Өңірлік хабтың басқарушы комитет Төрғасы Алихан Байменов, ҚР Президенті жанындағы Академия Ректоры Фатима Жақыпова, AAPA Президенті Пан Сук Ким, БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Уәкілі Хорхе Чедиек ашты.

Толығырақ: Мемлекеттік басқару саласындағы Азия сарапшылары Астанада бас қосты

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz