ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мемлекеттік бағдарламалар: бағалау құралдары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары

се2017 жылдың 10–12 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және бағалау процессіне қатысатын мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік бағдарламалар: бағалау құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтуде.

Cеминардың ең басты мақсаты мемлекеттік бағдарламаларды талдау мен оған бағалау жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту болып табылады.

Семинар барысында мемлекеттік бағдарламаларды  бағалау жүйесі бойынша практикалық аспектілер қарастырылатын болады.

Толығырақ: «Мемлекеттік бағдарламалар: бағалау құралдары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта даярлау курсы

кбҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 3-21 шілдесі аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін күндізгі оқыту түрі бойынша қайта даярлау курсы жүргізіледі.

Курстың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.

Толығырақ: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта...

«Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» жазғы мектебі

ллҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 2017 жылдың 26 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Жезқазған өңірінде дәстүрлі жазғы мектеп өткізілді.

Жазғы мектеп жұмысының ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Қазақстан  Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.А. Әбішев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Новые решения» білім беру қоры» компаниясының бас директоры В.С. Ким, Жезқазған қаласының әкімі Б.Д.Ахметов және лекторлар ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, сарапшылар қатысса, тыңдаушылар ретінде жас мемлекеттік  қызметшілер, жастар этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

Толығырақ: «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» жазғы мектебі

Академия түлектеріне дипломдар табыс етілді

 

 

127 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында түлектерге диплом беру рәсімі болып өтті. 137 мемлекеттік қызметші магистр және доктор дипломын алды.

Академия ректоры Фатима Жақыпова құттықтау сөз сөйледі.

Ф. Жақыпова «Академияға оқуға түсу алдында әрбіріңізді қоғам игілігі үшін білім мен дағдыларды меңгеру, үздік болу талпынысы жетелеген болар. Сол талпыныстың үлкен күшке айналып, еліміздің жаһандық әлемде көшбасшы позициясына иеленуі үшін мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді.

Толығырақ: Академия түлектеріне дипломдар табыс етілді

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz