ЖАҢАЛЫҚТАР

Нидерландыдан келген сарапшы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу саласындағы тәжірибесімен бөліседі

2016 жылдың 17–20 қазаны  аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Нидерландыдан келген халықаралық сарапшы Герард Уйтендаал «Мемлекеттік сектордағы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізеді.
Герард Уйтендаал корпоративтік қаржылар, менеджмент тәуекелі, мемлекеттік органдардағы аудиторлық тексеру, мемлекеттік сектордағы бюджеттеу және қаржыландыру, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары және жекешелендіруді қоса алғанда, 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Нидерландыда Әділет министрлігінің қаржылық көмекшісі болған, ірі компаниялардағы басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі мол, ТМД-да «Делойт» компаниясының серіктес басшысы болған.

Толығырақ: Нидерландыдан келген сарапшы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу саласындағы тәжірибесімен бөліседі

Академия магистранттары Ерлан Кариннің дәрісін тыңдады.

IMG 2045 2016 жылғы 13 қазанда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан  стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қариннің «Мемлекеттік менеджмент магистрі», «Мемлекеттік саясат магистрі», «Мемлекеттік басқару магистрі» бағдарламалары бойынша 1-курс магистранттары алдында  қонақ дәрісі болды.        
«Террорризм және экстремизм мәселелері: өңірлік аспект  тақырыбына  дәріс оқыған Е.Қарин терроризм және экстремизм мәселелері, олардың пайда болу себептері және қажетті превентивті шаралары бойынша  зерттеу нәтижелерімен  бөлісті.

   

Толығырақ: Академия магистранттары Ерлан Кариннің дәрісін тыңдады.

Анонс: «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» семинар-тренингі

2016  жылдың 11 қазаны күні сағат 11.00-де Қостанай облысының Достық үйі ғимаратында (Қостанай қаласы,  Ы.Алтынсарин көшесі, 115-үй) «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» тақырыбындағы өңірлік семинар-тренингінің жұмысын бастайды.
Семинар-тренингті ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.  
Семинар-тренинг жұмысына лекторлар ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің,  жетекші ғалымдар, зерттеу институттардың, үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері  және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысады.   

Толығырақ: Анонс: «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент»...

Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесі «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасына атсалысты.

IMG 2045 2016 жылғы 12 қазанда «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы аясында  Академияның атынан Магистранттар мен докторанттар кеңесі Астана қаласы Психикалық денсаулық  медициналық орталығына барды. Жыл сайын Академия тыңдаушылары ересектерге және балаларға, жүйе жүйесі  тозған, денсаулығы нашар азаматтарға жылы киім, аяқ киімдерді жинап, үлестіру арқылы осындай акцияларға қатысып тұрады.    Акция ұйымдастырушысы –  Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі  әрқашанда мұқтаж адамдарға  жылу сезімін, күн шуағын  сыйлауға шақырады, қыс болса жақын қалды.

   

Толығырақ: Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесі «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасына...

Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік басқарудағы көшбасшылық бойынша семинар басталды

2016 жылдың 5–13 қазаны  аралығында Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжімен және «Темасек International» қорымен бірлесіп, Көшбасшылық, Адами ресурстарды басқару және Экономикалық даму бойынша семинарларды өткізуде.
Семинардың алғашқы күні тыңдаушылар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.О. Тлеукенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Д.К. Еренчинов, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы дәріс оқыды.

Толығырақ: Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz