ЖАҢАЛЫҚТАР

Мерекелік тарту

DSC03011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай ағымдағы жылдың 21 қазанында Басқару институты магистранттық топтар арасында «Қазақ тілі -  мемлекет тұғыры» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа «Сұңқар»,   «Ар - сен», «Болашақ»,  «Хан тәңірі», «Алаш қырандары», «Достық» атаулы топтар қатысты. Сайысты Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен Магистранттар кеңесінің мүшелерінен құралған әділ қазылар алқасы бағалады.
Алты айналымнан тұрған сайыс өте тартысты өтті. Топтардың тілдік әлеуеттерімен қатар көркемөнерпаздық қасиеттері де бағаланды. Жекелеген топтар қазақ тілін игеру дәрежесін байқатып жатса, кейбіреулері ұйымшылдық, тапқырлық, қолдаушылық сияқты тұстарымен көрінді. 

Толығырақ: Мерекелік тарту

Академияда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесу өтті

DSC03011

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Абдылдаев Эрлан ү.ж. 17 қазанда жұмыс сапарымен Қазақстанда болды. Сапар шеңберінде Абдылдаев Э.Б. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары, докторанттары және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.
Қырғыз Республикасы СІМ-нің басшысы Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту Қырғыз елінің ТМД кеңістігіндегі басым бағыты екенін дәріс басында атап өтті. Қазақстан мен Қырғызстан арасында екіжақты саяси қарым-қатынастың, сауда-экономикалық ықпалдастықтың, мәдени-гуманитарлық байланыстың нығаюы, сонымен қатар парламентаралық өзара әрекеттестіктіктің екіжақты қарым-қатынас негізінде және халықаралық, аймақтық ұйымдар аясында даму үрдісі дәрістің негізгі тақырыбына айналды. Қазақстан мен Қырғызстанның ЕЭО, ШЫҰ-дағы ынтымақтастығы екі елдің еуразиялық кеңістікте қазіргі уақытта болып жатқан интеграциялық үдерістердегі белсенді ұстанымын айқын көрсетеді.

Толығырақ: Академияда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесу өтті

Академия магистранттары Ерлан Кариннің дәрісін тыңдады.

IMG 2045 2016 жылғы 13 қазанда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан  стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қариннің «Мемлекеттік менеджмент магистрі», «Мемлекеттік саясат магистрі», «Мемлекеттік басқару магистрі» бағдарламалары бойынша 1-курс магистранттары алдында  қонақ дәрісі болды.        
«Террорризм және экстремизм мәселелері: өңірлік аспект  тақырыбына  дәріс оқыған Е.Қарин терроризм және экстремизм мәселелері, олардың пайда болу себептері және қажетті превентивті шаралары бойынша  зерттеу нәтижелерімен  бөлісті.

   

Толығырақ: Академия магистранттары Ерлан Кариннің дәрісін тыңдады.

Нидерландыдан келген сарапшы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу саласындағы тәжірибесімен бөліседі

2016 жылдың 17–20 қазаны  аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Нидерландыдан келген халықаралық сарапшы Герард Уйтендаал «Мемлекеттік сектордағы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізеді.
Герард Уйтендаал корпоративтік қаржылар, менеджмент тәуекелі, мемлекеттік органдардағы аудиторлық тексеру, мемлекеттік сектордағы бюджеттеу және қаржыландыру, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары және жекешелендіруді қоса алғанда, 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Нидерландыда Әділет министрлігінің қаржылық көмекшісі болған, ірі компаниялардағы басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі мол, ТМД-да «Делойт» компаниясының серіктес басшысы болған.

Толығырақ: Нидерландыдан келген сарапшы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу саласындағы тәжірибесімен бөліседі

Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесі «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасына атсалысты.

IMG 2045 2016 жылғы 12 қазанда «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы аясында  Академияның атынан Магистранттар мен докторанттар кеңесі Астана қаласы Психикалық денсаулық  медициналық орталығына барды. Жыл сайын Академия тыңдаушылары ересектерге және балаларға, жүйе жүйесі  тозған, денсаулығы нашар азаматтарға жылы киім, аяқ киімдерді жинап, үлестіру арқылы осындай акцияларға қатысып тұрады.    Акция ұйымдастырушысы –  Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі  әрқашанда мұқтаж адамдарға  жылу сезімін, күн шуағын  сыйлауға шақырады, қыс болса жақын қалды.

   

Толығырақ: Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесі «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасына...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz