ЖАҢАЛЫҚТАР

8 Наурыз күніне орай құттықтау

Ректор Фатима Жақыпованың 8 Наурыз күніне орай үндеуі

 

открытка на сайт

Қымбатты арулар-әріптестер!

Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Шуақты көктем аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы мереке әрқашан көңілімізді көкке өрлетіп, қуантады. Өйткені, сіздер жақсылықтың, жылулықтың, нәзіктік пен махаббаттың нышанысыздар.

Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

 

Ректор Жақыпова Фатима Надырқызы

 

Ректор Фатима Жақыпованың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, оқытушылары мен қызметкерлеріне Алғыс айту күніне орай үндеуі


Құрметті магистранттар, докторанттар, оқытушылар, қызметкерлер!


Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке ізгі дәстүрге ұласуда, сондай-ақ   Қазақстан халқының біріктіруші күші болып табылады.
Алғыс айту күнін атап өту – ортақ тарихымыз, бір-бірін қолдаудың арқасында бірлесе бастан өткерген қиындықтар туралы естеліктер негізінде көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуға бағытталған.  

Толығырақ: Ректор Фатима Жақыпованың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару...

Ханнс Зайдель Қоры Орталық Азиядағы жобалардың басшысымен кездесу

2.jpg2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия басшылығы Хансс Зайдель Қоры (ХЗҚ; Германия) Орталық Азиядағы жобалардың басшысы  доктор Макс Майермен кездесті.

 

Кездесу барысында екі тарап көп жылдық әріптестіктің жетістіктері туралы ой бөлісті. Осы әріптестіктің шеңберінде Академияда жыл сайын ХЗҚ-ның граттары бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік қызметшілері магистратура бағдарламасында білім алады. Сонымен қатар тараптар Академия және ХЗҚ арасындағы  әріптестіктің келешегін талқылады.

Толығырақ: Ханнс Зайдель Қоры Орталық Азиядағы жобалардың басшысымен кездесу

2017 жылдың 4 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің тыңдаушылары «Берекет» Халықаралық әмбебап сауда биржасы» АҚ-ға барды.

IMG 2195Аталған іс-шара барысында тауар биржасы, брокер мен клиенттің өзара байланыс мәселелері талқыланды,

«MUTB-Client» электрондық сауда-саттық жүйесін пайдалана отырып сауданы ұйымдастыру мен жүргізу процесі көрсетілді, сондай-ақ

Қазақстан Республикасындағы тауар биржалары және биржа саудасының даму келешегі мен ахуалы туралы заңнама қарастырылды.

Іс-шараны Академия МСҰМ-ның бітірушілер қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

 

Толығырақ: 2017 жылдың 4 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz