ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесі «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасына атсалысты.

IMG 2045 2016 жылғы 12 қазанда «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы аясында  Академияның атынан Магистранттар мен докторанттар кеңесі Астана қаласы Психикалық денсаулық  медициналық орталығына барды. Жыл сайын Академия тыңдаушылары ересектерге және балаларға, жүйе жүйесі  тозған, денсаулығы нашар азаматтарға жылы киім, аяқ киімдерді жинап, үлестіру арқылы осындай акцияларға қатысып тұрады.    Акция ұйымдастырушысы –  Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі  әрқашанда мұқтаж адамдарға  жылу сезімін, күн шуағын  сыйлауға шақырады, қыс болса жақын қалды.

   

Толығырақ: Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесі «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасына...

Анонс: «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» семинар-тренингі

2016  жылдың 11 қазаны күні сағат 11.00-де Қостанай облысының Достық үйі ғимаратында (Қостанай қаласы,  Ы.Алтынсарин көшесі, 115-үй) «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» тақырыбындағы өңірлік семинар-тренингінің жұмысын бастайды.
Семинар-тренингті ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.  
Семинар-тренинг жұмысына лекторлар ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің,  жетекші ғалымдар, зерттеу институттардың, үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері  және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысады.   

Толығырақ: Анонс: «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент»...

Академияда «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін арттыру» жобасы өткізілді

IMG 6065Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан Республикасында үштілділікті арттыруды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп Академияда 2016 жылғы 13 маусым – 7 қазан аралығында «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін арттыру» тақырыбында жоба өткізді.

Толығырақ: Академияда «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін арттыру» жобасы өткізілді

Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік басқарудағы көшбасшылық бойынша семинар басталды

2016 жылдың 5–13 қазаны  аралығында Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжімен және «Темасек International» қорымен бірлесіп, Көшбасшылық, Адами ресурстарды басқару және Экономикалық даму бойынша семинарларды өткізуде.
Семинардың алғашқы күні тыңдаушылар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.О. Тлеукенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Д.К. Еренчинов, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы дәріс оқыды.

Толығырақ: Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік...

Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік басқарудағы көшбасшылық бойынша семинар басталды

2016 жылдың 5–13 қазаны  аралығында Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжімен және «Темасек» қорымен бірлесіп, Көшбасшылық, Адами ресурстарды басқару және Экономикалық даму бойынша семинарларды өткізуде.
Семинардың алғашқы күні тыңдаушылар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.О. Тлеукенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Д.К. Еренчинов, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы дәріс оқиды.

Толығырақ: Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz