ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі түлектерінің форумы

325 қарашда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі түлектерінің форумы болды.

Форум аясында «Мемлекеттік қызмет, ұлттық мүдде және сананы жаңғырту» тақырыбында диалогтік платформа болып өтті.

Диалогтік платформаның мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған «Рухани жаңғыру» патриоттық бағдарламасының шеңберінде Академия саясатын жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді шешу болып табылады. 

Платформа спикерлері: 2009–2010 жж. МСҰМ директоры Саясат НҰРБЕК, 2010 жылғы МСҰМ түлегі, Абылай хан атындағы 
ҚазХҚ және ӘТУ «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі  Зейнабил АЙДАРБЕКОВ, «МСҰМ түлектерінің клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат ТОКЕЖАНОВ.

Толығырақ: Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі түлектерінің форумы

Академияда «жасыл» экономика бойынша семинар өтуде

IMG 4923Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 21-24 қараша аралығында «Жасыл экономика» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты «Жасыл» экономиканы енгізу қажеттілігі, тұрақты даму мен микро және макро деңгейлерде сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту болып табылады.

Тыңдаушылар «жасыл» экономиканың талаптарын ескере отырып климаттағы өзгерістерге байланысты қоршаған ортаның ахуалын бағалау және талдау дағдыларын меңгереді, энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру негіздерін зерделейді, жаңартылған қуат көздері, олардың түрлері туралы түсінікті меңгереді, климаттағы өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін бағалайды, климаттың су ресурстарына келтіретін салдарын, су секторындағы бейімдеу шаралары бойынша мәліметтер алады, «жасыл» экономика ұсынатын, қалдықтар мәселелерін шешу жолдары және т.б.

Толығырақ: Академияда «жасыл» экономика бойынша семинар өтуде

«Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға «Нұр Отан» партиясының қатысуы» атты семинары

IMG 6227 1Ел өңірлерінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының партиялық фракциясының депутаттары үшін «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебімен ұйымдастырылған, «Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға «Нұр Отан» партиясының қатысуы» атты семинарда Академияның Басқару институтының профессоры Гүлсара Жүнісбекова дәріс оқыды.

Профессор қазіргі заманғы әлемде ұлт табысының бәсекеге қабілетті факторлары туралы өз пікірімен бөлісті. Қоғамды жаңғрыту айтарлықтай ресурстарды тартуды, оның ішінде азаматтардың, азаматтық қоғам құрылымының әлеуетін белсендіруді де қажет ететіндігін дәріскер атап өтті. 

Толығырақ: «Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға «Нұр Отан» партиясының қатысуы» атты семинары

Магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі

IMG 45062017 жылғы 17 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

         Құттықтау сөзбен Академия ректоры сөз сөйледі. Фатима Жақыпова Академия қабырғасында алынған білім табысты мансап пен еліміздің дамуына салмақты үлес қосу мүмкіндігінің кепілі болуы тиістігін атап өтті.  

«Мемлекеттік басқарушларды кәсіби дайындаумен айналысатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жалғыз жоғары оқу орнына Сіздерге оқуға түсу бақыты бұйырды. Өздеріңізбен мақтануларыңызға болады, бірақ сонымен қатар Сіздерді көрсетілген сенімді ақтау қажеттілігі алда күтіп тұр. Сондай-ақ, Академияда оқу барысында Сіздерге тың ойларды, еңбекқорлықты және мақсатқа талпынушылықты көрсету қажет», — деді Ф. Жақыпова.

Толығырақ: Магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz