ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметшілер ақылды қалалардың тұжырымдамасын талқылауда

IMG 39542017 жылдың 15-17 қарашасыы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  шетелдік сарапшылар Владимир Батаев және Бойд Коуен «Қалалық басқарудағы инновациялар. Smart-city жобаларын жүзеге асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Владимир Батаев (Нидерланд) - Zaz Ventures компаниясының ақылды және циркулярлық қалалардағы инновациялар бойынша сарапшысы. Белоруссия, Финляндия, Италия, Малайзия, Нидерланды, Румыния, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания және басқа да елдердегі муниципалитеттер, сәулет, қалалық дизайн компанияларымен және инновациялық компаниялармен түрлі жобалар бойынша жұмыс тәжірибесі бар.

Толығырақ: Мемлекеттік қызметшілер ақылды қалалардың тұжырымдамасын талқылауда

Академияда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бойынша іс-шаралар өтті

IMG 3570Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы, облыстардағы филиалдары мен өңірлік оқыту орындары 2017 жылғы 9-10 қарашада мемлекеттік тілдің латын әліпбиімен танысып, жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша іс-шаралар өткізді.

Академияда өткен іс-шарада  мемлекеттік тілді реформалау қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының маңызды мәселесі болып табылатыны, процестің тарихи маңыздылығы аталды.

Толығырақ: Академияда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бойынша іс-шаралар өтті

Жаңа Зеландия мемлекетінің эксперт экономисті Джон Балингалдың қонақ дәрісі

IMG 37602017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  ««The Social Investment approach: A better way of evaluating the value for money of government spending»  тақырыбында Жаңа Зеландия мемлекетінің эксперт экономисті Джон Балингалдың шақырылуымен интерактивті пікірталас өткізілді.

Интеркактивті пікірталас Фонд Сорос Қазақстан бастамасымен «Ашық Экономика» Форумы аясында Басқару Институтымен ұйымдастырылды.  Интеркактивті пікірталас жұмысына профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар қатысты.

Толығырақ: Жаңа Зеландия мемлекетінің эксперт экономисті Джон Балингалдың қонақ дәрісі

Академияда мемлекеттік органдар мен КЕҰ-дың өзара әрекеттесуі бойынша семинар басталды

IMG 3419Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 7-10 қараша аралығында «Мемлекеттік органдар және коммерциялық емес ұйымдар: тиімді өзара іс-қимыл» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл механизмдерінің тиімді жұмыс істеу жолдарын анықтау болып табылады.

Оқу барысында КЕҰ-ның азаматтық қоғамды дамытудағы, мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдаудағы рөлі, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының мүмкін жолдары, сондай-ақ өзара іс-қимыл институттары, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қажеттілігі және маңызы баяндалатын болады. 

Толығырақ: Академияда мемлекеттік органдар мен КЕҰ-дың өзара әрекеттесуі бойынша семинар басталды

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz