ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда әлеуметтік шиеленістерді басқару бойынша семинар өтіп жатыр

ффҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  2017 жылдың 5 – 9 маусымы аралығында шетелдік сарапшылар Алан Хадсон (Ұлыбритания) және Татяна Дронзина (Болгария)  «Әлеуметтік шиеленістер. Шиеленістерді басқару»  тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілері,  ҚР облыстарының аудан және қала әкімдері мен әкім орынбасарлары қатысуда.

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілерге шиеленістерді реттеу және басқару бойынша құралдар мен дағдыларды игерту болып табылады.

Алан Хадсон Оксфорд университетінің көшбасшылық және мемлекеттік саясат бағдарламалары жөніндегі директоры болып табылады.

Қытай Халық Республикасының министрліктерді қоса алғанда, муниципиальды, провинциалды, ұлттық деңгейіндегі 5000-нан аса мемлекеттік қызметшілері мен кәсіпкерлері оқудан өткен мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеумен айналысады. А. Хадсон Қазақстанда, Сингапурда, Швецияда, Испанияда, Гонконгта, АҚШ-та, Ресейде, Латын Америкасында, Үндістанда және басқа елдерде көптеген тренингтер өткізген. Сонымен қатар, Шанхай қаласында өткен «ЭКСПО-2010» көрмесінің урбандалуға және қала өміріне ықпалын зерттеу бойынша ғылыми жоба жүргізген.

Татьяна Дронзина – Әулие Климент атындағы София университетінің саяси ғылымдар кафедрасының профессоры. Педагогикалық тәжірибиесі өте мол, Қазақстанда, Доминикан Республикасында, Болгарияда, Венгрияда, Испанияда, Италияда оқыту семинарларын өткізген. Татяна «Медиация», «Қақтығыстарды талдау негіздері», «Терроризмнің әйел келбеті», «Қақтығыстарды болдырмау»: трендтері мен құралдары» сияқты кітпатардың авторы. 2015 жылғы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалінің алтын иегері.

             Семинар барысында келесідей сұрақтар қарастырылатын болады: Әлеуметтік шиеліністердің өзгермелі түрі, әлеуметтік шиеліністер контекстіндегі көшбасшылық мәні мен мәселелері, медиация шиеленістерді зорлықсыз реттеу құралы ретінде, Қазақстандағы шиеленістердің түрлері: мәдениетаралық, еңбек, лаңкестік және радикализация мәселелері және т.б.

Семинар аяқталған соң тыңдаушылар әлеуметтік шиеленістерді реттеу және басқару бойынша негізгі құралдар мен дағдыларды игереді деп күтілуде.

Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

Шетелдік сарапшылар Академияда халықаралық келіссөздерді тиімді жүргізу бойынша семинар өткізіп жатыр

апҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 29 мамыры және 2 маусымы аралығында шетелдік сарапшылар Роберт Вейбел және Пол Миртс «Халықаралық келіссөздер стратегиясы, тактикасы және өнері» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Сенатының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Семинардың мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің басқа мемлекеттер өкілдерімен халықаралық келіссөздерді тиімді жүргізу бойынша құзыреттерін арттыру болып табылады.

Роберт Вейбел (Швейцария)  Келіссөздер жүргізу және шешімдер қабылдау жөніндегі Еуропалық орталықтың атқарушы директоры және негізін салушы (CENAD), келіссөздер жүргізу бойынша халықаралық сарапшы/тренер. Көп жылдан бері көптеген жоғары оқу орындар мен институттармен, атап айтсақ Женеваның халықаралық және жобалық зерттеу жөніндегі жоғары мектебімен, Вена дипломатиялық академиясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаған. Чехия, Швеция, Польша, Ирландия, Литва, Грекия, Латвия, Люксембург, Нидерланды, Словакия және Мальта елдерінің 50-ден аса министрлеріне, 100-ден аса төрағалар мен делегация жетекшілері мен үйлестірушілеріне тренинг өткізеген. БҰҰ, БҰҰ босқындар істері жөніндегі агенттігі (UNHCR), ДСҰ, БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы (UNCTAD), Миграция бойынша халықаралық ұйым, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың және тағы басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс жасаудан көпжылдық тәжірибиесі бар.

Пол Миртс (Нидерланды) – «Clingendael» халықаралық келіссөздер жүргізу жөніндегі Голланд институтының аға ғылыми қызметкері, келіссөздер жүргізу бойынша халықаралық сарапшысы/жаттықтырушысы, сонымен қатар Journal of International Negotiation (JIN)» басылымының халықаралық эксперттік кеңесінің мүшесі болып табылады. Доктор Миртс көптеген елдерде халықаралық келіссөздер бойынша тренингтер өткізген. «Дипломатиялық келіссөздер, негіздері және эволициясы», «Жарылысқа және бомбаға тосқауыл қою», «Халықаралық келіссөздер процесінің эволюциясы» және тағы басқа да кітаптардың авторы болып табылады.

Семинар барысында сарапшылар ең үздік үлгіге сүйене отырып, халықаралық келіссөздер жүргізу техникасын пайдалану тәжірибиесімен бөліседі. Семинар аяқталған соң, мемлекеттік қызметшілер халықаралық келіссөздерді жүргізу үдерісін толық меңгереді деп күтілуде.

Эксперттер интерактивті оқытудың бірқатар әдістері – презентациялар, рөлдік ойындар, кейстерді талқылау, көпшілік алдында сөз сөйлеу, видео-жазбалар мен жеке брифингтер өткізуді және т.б. қолданатын болады.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

Мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару негіздеріне оқытылады

IMG 33162017 жылғы 5–9 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жобалық менеджмент негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналған бес күндік тренинг өтеді.

Тренинг Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баяндалған «Рухани жаңғыру» патриоттық бағдарламасын іске асыруға қатыстырылған мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Толығырақ: Мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару негіздеріне оқытылады

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта даярлау курсы

кур2017 жылдың 22 мамыры және 10 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін күндізгі оқыту түрі бойынша қайта даярлау курсы жүргізіледі.

Курстың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.

Толығырақ: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz