ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда бюджетті жоспарлау бойынша семинар өтіп жатыр

IMG 2300Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың қазан айының 24-27 аралығында «Бюджетті жоспарлау және атқару. Бұзушылықтарға жол бермеу»  тақырыбына біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.

Сабақты ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының доценті Нурия Кенжаханқызы Аширова өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты – бюджетті жоспарлау және атқару кезіндегі стратегиялық ойлау бойынша құзыреттерді дамыту және заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу мақсатында алынған практикалық дағдыларды қолдану. 

Толығырақ: Академияда бюджетті жоспарлау бойынша семинар өтіп жатыр

Академияда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша семинар басталды

IMG 1542Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 17–20 қазан аралығында «Әлеуметтік кәсіпкерлік: дамыту мен ілгерілетудің тиімді құралдары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты – мақсатты аудиторияның «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымының мәні, оның жұмыс істеуі мен дамуы қағидаттары туралы нақты және айқын  түсінігін  қалыптастыру. 

Семинарда келесідей мәселелер қарастырылады: әлеуметтік кәсіпкерлік (ӘК) ұғымының мәні, әлеуметтік кәсіпкерлік және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік,  әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы халықаралық тәжірибеге шолу, Қазақстандағы ӘК дамуының қазіргі жағдайына шолу, ағымдағы бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына ӘК интеграциясының перспективалары, Қазақстанда ӘК-ті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу және т.б.

Толығырақ: Академияда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша семинар басталды

Басқару институтының «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін дөңгелек үстел

 

IMG 21062017 жылғы 19 қазанда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтында «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕуроОдақ жобасының жетекшісі Ольга Кенеллидің және «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕуроОдақ жобасының негізгі сарапшысы, э.ғ.д., профессор Ж.К. Бопиеваның қатысуымен «Дөңгелек үстел» форматында қонақ дәріс өтті.   

Дөңгелек үстел «Өңірлік экономика және басқару», «Тиімділікті басқару», «Қаланы басқару» атты пәндердің шеңберінде профессор А.Г. Джунусбековамен, аға оқытушы А.Е. Дауешовамен ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстелдің жұмысына Басқару институтының оқытушылары мен магистранттары, Академия қызметкерлері қатысты.

Толығырақ: Басқару институтының «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін дөңгелек үстел

Академияда «А» корпусының мемлекеттiк қызметшілеріне арналған қайта даярлау курсының аяқталу кезеңі өтті

IMG 16522017 жылдың 16-17 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсының аяқталу кезеңі өтті.

Аяқталу кезеңінде тыңдаушылар қашықтықтан оқу кезінде дайындаған жобалық жұмыстарын презентациялады, сонымен қатар интеллект-карталар бойынша тренингтен өтті. 

Жоба тақырыптары «А» корпусы тыңдаушыларының  кәсіби жұмысымен тығыз байланысты болды, олар мемлекеттік органдар қызметінде жобалық басқару құралдарының тиімді қолданылатынына көз жеткізді.

Толығырақ: Академияда «А» корпусының мемлекеттiк қызметшілеріне арналған қайта даярлау курсының аяқталу...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz