ЖАҢАЛЫҚТАР

Ректордың Мемлекеттік қызметші күніне арналған құттықтау сөзі

Құрметті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет қазіргі қоғамның өмір сүруі тәуелді, мемлекеттік басқару жүйесінің басты элементі болып табылады.

Азаматтарымыздың өмір сүру сапасы, Қазақстанның дамуы мен көркеюі және оның жаһандық әлемдегі орны Сіздердің тиімді және кәсіби жұмыстарыңызға байланысты. Сіздерге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, заңдық мүдделерді қорғау және қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін арттыру жауапкершілігі жүктелген.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұжымы атынан Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңыздың амандығын, бейбітшілік пен келісімді және мансаптық өсуді тілейміз! 

Мемлекеттік қызметшінің патриотизмі мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктен басталады

IMG 2581

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында үш тілді ілгерілету аясында мемлекеттік және ағылшын тілдерінен интенсивті-тренингтік және қашықтықтан оқыту семинарлары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер интенсивті-тренингтік семинарларда қызметтен қол үзіп, Академияда 108 сағат оқыды, ал игерген білімдерін қашықтықтан оқытудың 2 семинарында (144 сағат) практикалық жаттығулар арқылы бекітіп, тілдік дағдыларын қалыптастырды.

Толығырақ: Мемлекеттік қызметшінің патриотизмі мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктен басталады

Астана – Шанхай: Ұлы Жібек Жолын жандандыру

2017 жылдың 17 маусымында Академия басшылығы Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебінің деканы профессор Вонг Веймин бастаған Шанхай саяси ғылымдар және заң университетінің жанындағы Қытай ШЫҰ Ұлттық институтының (CNISCO) делегациямен кездесу өткізді.  

шан1Кездесудің мақсаты Академия мен CNISCO арасындағы серіктестікті дамыту болды. Екі тарап мемлекеттік басқару саласында кадрларды даярлау және осы салада зерттеу жүргізу туралы келісті. Ынтымақтастық мемлекеттік басқару, жемқорлыққа қарсы күрес, халықаралық қатынастар және басқада да тақырыптар бойынша студенттер үшін қысқа мерзімді оқу бағдарламалар мен тағылымдамалар ұйымдастыру, дәріс оқу, курстар мен семинарлар өткізу үшін ғалымдар мен сарапшыларды шақыру және бірігіп зерттеулер жүргізу арқылы іске асырылатын болады.  

Толығырақ: Астана – Шанхай: Ұлы Жібек Жолын жандандыру

Тілдік құндылық – ұлт табысы

IMG 2581

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында үш тілді ілгерілету аясында мемлекеттік және ағылшын тілдерінен интенсивті-тренингтік және қашықтықтан оқыту семинарлары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер интенсивті-тренингтік семинарларда қызметтен қол үзіп, Академияда оқытылады.

Толығырақ: Тілдік құндылық – ұлт табысы

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz