ЖАҢАЛЫҚТАР

«Il Buon Governo» конкурсы үміткерлерінің шорт-листі

 

Құрметті Il Buon Governo Award конкурсының қатысушылары,

сарапшылар тобы үміткерлердің шорт-листін анықтау жұмысын аяқтады.

Келесі таңдау кезеңіне (сұхбат) өткен үміткерлердің тізімі:

 

1. Азиз Искаков

2. Асан Базилов

3. Данияр Сулейменов

4. Ербол Капишев

5. Ержан Ахмжанов

6. Еркебулан Сагиев

7. Жарылгап Бурманов

8. Куаныш Оразаев

 

Аталған үміткерлерді үстіміздегі жылдың 17 наурызда сағат 10.00 –де өткізілетін сұхбатқа шақырамыз. Мекенжай – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Абай даңғылы 33а , 705 кабинет.  Астана қаласынан тыс тұратын үміткерлер үшін сұхбат Skype арқылы өткізілетін болады. Ол үшін үміткерлер Skype адрестерін   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберу қажет.

Ақпарат үшін телефон нөмірі: 8 (7172) 999037, 8 (7172) 320000       



Академияда нәтижеге бағдарланған көшбасшылық стратегиясы бойынша семинар басталды

кар2017 жылдың 13-15 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшылар Эдриан Кэмпбелл және Артур Кармаззи «Мемлекеттік басқару: нәтижеге бағдарланған көшбасшылық стратегиясы» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Семинардың мақсаты – тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамыту.

Семинар бағдарламасы екі модулден тұрады. Бірінші модул қазақстандық кейстерді назарға ала отырып, мемлекеттік басқарудағы жаңа трендерді талқылауға арналған. Сабақты Бирмингем университеті халықаралық даму кафедрасының аға оқытушысы Эдриан Кэмпбелл (Ұлыбритания) өткізеді. «Еңбек қатынастары», «Стратегиялық менеджмент» және «Адами ресурстарды басқару» тақырыптарына тренинг пен тақырыптық зерттеулер өткізуде халықаралық тәжірбиесі мол. Мемлекеттік және жергілікті басқаруға арналған көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы болып табылады.

Екінші модул нәтижеге бағдарланған стартегиялық көшбасшылықтың дамуына арналған. Оны Азия аймақтарында мотивациялық көшбасшылық бойынша жетекші спикер және тренер Артур Кармаззи (Италия) өткізеді. Ол Азия елдеріне белгілі және танымал спикерлер мен тренерлердің бірі, оқытудың инновациялық тәсілін және адам миының ақпаратты өңдеуін бағалауға арналған – «Түрлі түсті ми» (Colored Brain Communication Inventory) теориясының коммуникациялық құралдарын, сонымен қатар корпоративтік мәдениеттің де дамуын бағалуға арналған әдістердің әзірлеушісі болып табылады, бұл әдістер – менеджмент психологиясында, көшбасшылық және адами ресурстарды басқаруға арналған оқу бағдарламаларында қолданылады. Көшбасшылық пен бизнестегі өзгерістерді психологиялық тәсіл арқылы зерттеуде 20 жылдан аса тәжірбиесі бар.

Семинар нәтижелері бойынша тыңдаушылардың ой-өрісін «тапсырмалар бойынша басқару» тәсілінен «нәтижелер бойынша басқару» тәсіліне өзгерту күтіледі. Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

Академияда БҰҰ Бас Хатшысының саяси кеңесшісі Мирослав Енчтің қонақ лекциясы ұйымдастырылды

223033815 391634 60040254537597134816 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында БҰҰ Бас Хатшысының саяси кеңесшісі Мирослав Енчтің және БҰҰ Бас Хатшысының Арнайы Өкілі, Орталық Азиядағы БҰҰ алдын алу дипломатиясы Өңірлік Орталығының басшысы Петко Драгановтың қонақ лекциясы ұйымдастырылды.

БҰҰ-ның өкілдері Академияның студенттері үшін Сириядағы қақтығыстарды реттеу және осы саяси үдерістегі Қазақстанның маңызды орны тақырыбында қонақ лекциясын өткізді.

Қонақтар Қазақстан БҰҰ-на мүше елдердің қолдауына ие болғанын атап айтты. Астана келіссөзі кезінде Қазақстанның бітімгерлік ниеті жоғары бағаланды.

Мирослав Енчтың айтуынша, Сириядағы қақтығысты реттеу мәселелері БҰҰ-ның мінбесінен жиі айтылып тұрады, ал Астанада өткен келіссөздердің арқасында сириялық дау шешімін тапты.

8 Наурыз күніне орай құттықтау

Ректор Фатима Жақыпованың 8 Наурыз күніне орай үндеуі

 

открытка на сайт

Қымбатты арулар-әріптестер!

Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Шуақты көктем аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы мереке әрқашан көңілімізді көкке өрлетіп, қуантады. Өйткені, сіздер жақсылықтың, жылулықтың, нәзіктік пен махаббаттың нышанысыздар.

Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

 

Ректор Жақыпова Фатима Надырқызы

 

Ханнс Зайдель Қоры Орталық Азиядағы жобалардың басшысымен кездесу

2.jpg2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия басшылығы Хансс Зайдель Қоры (ХЗҚ; Германия) Орталық Азиядағы жобалардың басшысы  доктор Макс Майермен кездесті.

 

Кездесу барысында екі тарап көп жылдық әріптестіктің жетістіктері туралы ой бөлісті. Осы әріптестіктің шеңберінде Академияда жыл сайын ХЗҚ-ның граттары бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік қызметшілері магистратура бағдарламасында білім алады. Сонымен қатар тараптар Академия және ХЗҚ арасындағы  әріптестіктің келешегін талқылады.

Ректор Фатима Жақыпованың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, оқытушылары мен қызметкерлеріне Алғыс айту күніне орай үндеуі


Құрметті магистранттар, докторанттар, оқытушылар, қызметкерлер!


Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке ізгі дәстүрге ұласуда, сондай-ақ   Қазақстан халқының біріктіруші күші болып табылады.
Алғыс айту күнін атап өту – ортақ тарихымыз, бір-бірін қолдаудың арқасында бірлесе бастан өткерген қиындықтар туралы естеліктер негізінде көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуға бағытталған.  

2017 жылдың 4 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің тыңдаушылары «Берекет» Халықаралық әмбебап сауда биржасы» АҚ-ға барды.

IMG 2195Аталған іс-шара барысында тауар биржасы, брокер мен клиенттің өзара байланыс мәселелері талқыланды,

«MUTB-Client» электрондық сауда-саттық жүйесін пайдалана отырып сауданы ұйымдастыру мен жүргізу процесі көрсетілді, сондай-ақ

Қазақстан Республикасындағы тауар биржалары және биржа саудасының даму келешегі мен ахуалы туралы заңнама қарастырылды.

Іс-шараны Академия МСҰМ-ның бітірушілер қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz